Ақтөбе ұлттық құрама қорғаушысын командаға қосуы мүмкін
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
"Актөбе" Қазақстан құрамасының және "Жетысу" клубының ойыншысы Асхат Балтабековке қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sport+.
31 жастағы футболшы өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 24 ойын өткізіп, 2 гол салып, 3 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол Қазақстан ұлттық құрамасында Словенияға қарсы матчта дебют жасады.
Өткен маусымда "Актобе" құрамында сол жақ қорғаушы болып Богдан Вэтэжелу ойнады, румын футболшысының клубпен келісімшарты тағы бір жылға дейін жарамды.