Астон Вилла - Ливерпуль - 2:2. Әр команда екі голдан соғып, бір-бір ұпайдан әкетті. Голдар және матчқа бейнешолу
Англия Премьер-лигасының 29-турында "Астон Вилла" өз алаңында "Ливерпульді" қабылдады. Бирмингемдегі "Вилла Парк" стадионында өткен ойын тең есеппен 2:2 аяқталды. Матчтың бас төрешісі ретінде Стюарт Атвелл жұмыс істеді.
Кездесудің 29-минутында Мохамед Салах "Ливерпульді" алға шығарды, бірақ 38-минутта Юри Тилеманс есепті теңестірді. Ал бірінші таймның соңында, 45+3-минутта, Олли Уоткинс "Астон Вилланы" алға шығарды. Екінші таймда, 61-минутта, Трент Александер-Арнольд "Ливерпульге" тағы бір гол соғып, матчты тең есепке жеткізді.
Бұл нәтижеден кейін "Ливерпуль" 61 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді, ал "Астон Вилла" 39 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр.
Англия Премьер-лигасы. 29-тур. 19 ақпан
Астон Вилла – Ливерпуль – 2:2
Голдар: Тилеманс 38, Уоткинс 45+3 – Салах 29, Александр-Арнольд 61
Матчқа бейнешолу: