Бирмингемдегі тең ойын. Астон Вилла мен Ливерпуль ұпай бөлісті
19 ақпанда Бирмингемде Англия Премьер-лигасының 29-тур ойыны өтті, онда “Астон Вилла” мен “Ливерпуль” кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.
Матчтың барлық ең жарқын сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
29-минутта Мохаммед Салах есеп ашып, барлық турнирлердегі “Ливерпуль” сапындағы 29-голын соқты. Алайда “Астон Вилла” тез жауап берді – 38-минутта Юри Тилеманс таразы басын теңестірсе, 45+3-минутта Оливер Уоткинс алаң иелерін алға шығарды. 61-минутта Трент Александр-Арнольд тағы да есепті теңестіріп, ойын 2:2 есебімен аяқталды.
АПЛ турнирлік кестесінде “Ливерпуль” 61 ұпаймен көш басында қалды, ал “Астон Вилла” 39 ұпаймен 9-орында тұр.
Англия Премьер-лигасы. 29-тур. 19 ақпан
Астон Вилла – Ливерпуль – 2:2
Голдар: Тилеманс 38, Уоткинс 45+3 – Салах 29, Александр-Арнольд 61