«Астон Вилла» 15-тур АПЛ-де «Арсеналды» жеңді. Голдар видеосы және матчқа шолу
«Астон Вилла» Англия премьер-лигасының 15-турында өз алаңында лондондық «Арсеналды» жеңді. Бирмингемде өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапында Мэттью Кэш пен Эмилиано Буэндиа мергендік танытты. Аргентиналық ойыншы шешуші голды ойынға қосылғаннан кейін, 87-минутта – екінші таймға қосылған бесінші қосымша минутта соқты. «Арсеналдың» жалғыз голын Леандро Троссар еншісіне жазды.
Бұл жеңістің арқасында «Астон Вилла» АПЛ-дегі жеңіс сериясын бес ойынға дейін жалғастырып, 30 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Арсенал» 11 матчтық жеңіліссіз сериясын үзіп, 33 ұпаймен көш басында қалды.
Келесі турда Унаи Эмеридің командасы 14 желтоқсанда сырт алаңда «Вест Хэмге» қарсы ойнайды. «Арсенал» бір күн бұрын өз алаңында «Вулверхэмптонды» қабылдайды.
Англия премьер-лигасы. 15-тур
«Астон Вилла» – «Арсенал» Лондон – 2:1
Голдар: Кэш, 36, Буэндиа, 90+5 – Троссар, 52.
Матчқа шолу: