«Арсеналдың» бұрынғы бапкері Эмери лондондықтардың жеңіліссіз сериясын үзді. «Астон Вилла» мегаматчта жеңіске жетті
6 желтоқсанда Англия Премьер-лигасының 15-тур аясында «Астон Вилла» мен Лондонның «Арсеналы» арасындағы матч өтті.
Бұл кездесуде жеңісті Бирмингем командасы еншілеп, есеп 2:1 болды.
Леандро Троссардың голына «Астон Вилла» Мэтти Кэш пен Эмилиано Буэндияның дәл соққыларымен жауап берді.
Айта кетейік, Буэндия жеңіс голын 90+5-минутта соқты!
Осылайша, «Астон Вилланың» қазіргі бапкері өзінің бұрынғы клубын тізе бүктірді.
Англия Премьер-лигасы. 15-тур
«Астон Вилла» – «Арсенал» Лондон – 2:1
Голдар: Кэш, 36, Буэндия, 90+5 – Троссар, 52.
«Арсенал» барлық турнирлерде қатарынан 18 матч бойы жеңіліс көрмеген еді.
Соңғы рет «Ливерпуль» 31 тамызда «канонирлерді» 1:0 есебімен жеңген болатын.
«Арсенал» 33 ұпаймен АПЛ-да бірінші орында келеді. «Астон Вилла» 30 ұпаймен екінші сатыда орналасқан.