locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астананың экс - ойыншысы Еуропаның үздік сұрмергендері тізіміне енді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Астананың экс - ойыншысы Еуропаның үздік сұрмергендері тізіміне енді
ФОТО: Getty Images

"Астана" командасының экс - ойыншысы, қазіргі уақытта Братиславаның "Слован" командасында ойнайтын Тигран Барсегян мен оның командаласы Давид Стрелець 2024/25 маусымында Еуропаның үздік шабуылдаушы дуэттерінің қатарына кірді. Бұл туралы Transfermarkt мәлімдеді.

Армения мен Словакия өкілдерінен құралған дуэт маусымда 19 гол соғып, беделді рейтингте жетінші орынды иеленді. Бұл нәтиже оларды Еуропаның ең нәтижелі шабуылшыларының қатарына қосты.

Рейтинг көшін испаниялық "Барселона" ойыншылары Роберт Левандовский мен Рафинья бастайды. Олар маусымда 24 голмен ерекшеленген.

Айта кетейік, Тигран Барсегян "Астана" сапында 2020 жылдан 2022 жылға дейін өнер көрсетті. Ол астаналық клубтың құрамында барлық турнирлерде 61 матч өткізіп, 18 гол соқты және екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

Самородовтың ойыны РПЛ тарихына енді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie