locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астанада» орнықпаған шабуылшы жазда клубтан кетуі мүмкін

Нигериялық Аханонуға «Жетісу» қызығушылық танытып отыр
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Астанада» орнықпаған шабуылшы жазда клубтан кетуі мүмкін
ФОТО: ФК «Астана»

BorodAbata.kz мәліметінше, «Астананың» шабуылшысы Ннамди Аханону жазғы трансферлік терезеде клубтан кетеді. 23 жастағы футболшы биылғы маусымда бәсекеге төтеп бере алмай, тек бір ғана матчқа қатысты.

Қысқы мезгілде елордалық клуб оны жалға бермек болғанымен, жалақысының жоғары болуы бұл жоспарды жүзеге асырмауға себеп болды. Сәуірде Аханонудың «Оқжетпеске» ауысуы да жүзеге аспады.

Қазіргі уақытта ойыншыға бірқатар қазақстандық клуб қызығушылық танытуда. Солардың бірі — шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отырған «Жетісу».

Аханону Албания чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізген — «Скендербеу» сапында 18 ойында 9 гол, «Турбинада» — 26 кездесуде 6 гол соққан.

Яцек Гуральски «Ақтөбе» - «Легия» ойынына болжам жасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie