Аршавин Қазақстан мен Ресей арасындағы үлкен миссияға қатысқысы келетінін мойындады
«Қайрат» пен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин Қазақстан мен Ресей арасындағы достық елшісі болғысы келетінін айтты.
«Қазақстан ба? Маған ешқандай мәртебе керек емес. Мысалы, мен Қазақстан мен Ресей арасындағы достық елшісі бола алар едім, өйткені мен ол жақта тұрған уақытымды шын жүректен жақсы көремін және сол жерде мені де жақсы көретіндер бар деп ойлаймын», — деп Аршавиннің сөзін Sports.kz келтіреді.
Айта кетейік, «Зенит» пен Лондонның «Арсенал» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы «Қайрат» сапында 2016-2018 жылдар аралығында ойнады. Алматы командасының құрамында ол 84 матч өткізіп, 24 гол соқты, содан кейін футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған болатын.
Бұған дейін «Қайраттың» бұрынғы легионері 2025 жылғы Қазақстан чемпионын атады.