«Қайраттың» бұрынғы легионері Қазақстанның 2025 жылғы чемпионын атады
«Қайраттың» бұрынғы легионері Лукаш Тесактың пікірінше, алматылық команда чемпиондық атағын сақтап, Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанады.
«Биылғы маусымда Қайраттың барлық ойынын көре алмадым. Бірақ команда турнир кестесінде бірінші орында тұрғанын көргенде, бірден ұжымның мықты екенін түсінесің, және мен сенімдімін — осы маусымда Қайрат чемпион болады.
Сәтпаев жаман емес, ерекшеленіп жүр, бірақ ол әлі жас, сондықтан тұрақтылық жетіспейді. Мартынович тәжірибелі — оның деңгейі сезіледі. Тапалов өте ұнайды. Еңбекқор, жауапты ойыншы. Бұл маған ұнайды», — деп Тесактың сөзін келтіреді meta-ratings.kz.
КПЛ-2025 алтын медальдарының тағдыры 26 қазанда өтетін «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойында шешіледі.
Бұған дейін футбол ардагері «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы мүмкіндіктері туралы пікірін білдірген болатын.