locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Араухо жазда «Барселонаны» тартымды бағаға тастап кете алатын еді. Бұл мүмкіндікті төрт клуб жіберіп алды

Ойыншының өзі де шешімге әсер етті
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Араухо жазда «Барселонаны» тартымды бағаға тастап кете алатын еді. Бұл мүмкіндікті төрт клуб жіберіп алды
ФОТО: Getty Images

Жазғы трансферлік терезеде «Барселонаның» қорғаушысы Рональд Араухоның келісімшартында оған «блауғранадан» кетуге жол ашатын ерекше тармақ болған. Бұл мүмкіндікті пайдалануға кімдер ниет білдіргені белгілі болды.

Diario Sport-тың мәліметінше, уругвайлық ойыншыға төрт клуб қызығушылық танытқан. Оның үшеуі – Англия өкілдері: «Ливерпуль», «Челси» және «Тоттенхэм», ал тізімде тағы біреуі – «Ювентус» бар. Олар Араухоның келісіміндегі 60 миллион еуро көлеміндегі клаусуланы іске қосуды қарастырған, бұл тармақ шілде айының ортасына дейін күшінде болған.

Алайда, Араухоның өзі «Барселонадан» кетуден бас тартып, барлық ұсыныстарды қабылдамады. Енді оның клаусуласы бір миллиард еуроға дейін өсті. Өткен матчта Ханс-Дитер Флик шәкірттері соңғы 20 жылда болмаған ауыр жеңіліске ұшырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie