locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Англиялық БАҚ қазақстандық шабуылшының таңданыс білдірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Англиялық БАҚ қазақстандық шабуылшының таңданыс білдірді
ФОТО: Қайрат ФК

Ағылшынның TheChelseachronicle.com сайты алматылық “Қайрат” командасының жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың “Челси” клубына ауысуын талқылады.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, лондондық клуб 16 жастағы шабуылшының трансферін аяқтауға жақын. Трансфер құны 4,3 миллион еуроны құрайды, бұл Қазақстан футболы тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

“Сатпаев “Челси” сапында сынақтан өтіп, өзінің әлеуетін ерте кезеңнен-ақ көрсетті.
Көпшілік әзірге оның болашақта үлкен ықпал ете алатын ойыншы боларына күмәнмен қарайды. Алайда оның статистикасы керемет нәтиже көрсетеді: 2024 жылы Сатпаев 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Бұл әр ойында орта есеппен екіден астам нәтижелі әрекет деген сөз.
Мұндай көрсеткіштерді бұған дейін Чидо Оби-Мартин көрсеткен болатын. Ол “Арсенал” сапында жарқырап, кейін “Манчестер Юнайтедке” ауысқан соң да жоғары деңгейде ойнауын жалғастырды. Әрине, қазақ футболшысының “Челсидің” негізгі құрамына жолы ұзақ әрі қиын болмақ. Бірақ сынақтан сәтті өтуі оның Кобхэмде дамудың дұрыс бағытын таңдағанын дәлелдейді”, — деп жазылған мақалада.

Сатпаев енді “Челси” клубының U-18 командасында өнер көрсетеді. Қараша айында қазақстандық шабуылшы клубтың сынағынан өтіп, ФИФА-ның кәмелетке толмаған ойыншылардың халықаралық трансферіне қатысты қатаң ережелеріне байланысты келісімшарт 2025 жылға шегерілген болатын.

Бұған дейін танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо қазақстандық футболшының “Челсиге” ауысатынын хабарлаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie