locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтың Челсиге рекордтық трансфері: Романо соманы жариялады

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Сатпаевтың "Челсиге" рекордтық трансфері: Романо соманы жариялады
ФОТО: КФФ

"Челси" 2008 жылы туған қазақстандық талант Дастан Сатпаевты алматылық "Қайраттан" сатып алу туралы келісімге келді.

"Трансфер құны қосымша бонустарды қоса алғанда 4 миллион еуроны құрады. Бұл — Қазақстан лигасы үшін рекордтық трансфер. Дастан 18 жасқа толғаннан кейін "Челсиге" бес жылдық келісімшартпен және бір жылдық ұзарту мүмкіндігімен қосылады", — деп жазды итальяндық журналист Фабрицио Романо.

Бұған дейін инсайдер Иван Карпов Сатпаевтың "Челсиге" трансфер құны 4,3 миллион еуроны құрайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, өткен маусымда Дастан Сатпаев қазақстандық жасөспірімдер лигасы — QJ League-дің үздік ойыншысы атанған.

Сондай-ақ қызықты дерек: тура екі жыл бұрын "Челси" украиналық вингер Михаил Мудрикті 100 миллион еуроға сатып алған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie