locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Англия құрамасы ұлттық рекорд орнатты

Ресми матчтардағы 11-ші қатарынан жеңіс
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Англия құрамасы ұлттық рекорд орнатты
ФОТО: Getty Images

K іріктеу тобының финалдық матчында Англия құрамасы Албанияны 2:0 есебімен тізе бүктірді, екі голды Харри Кейн соқты.

Бұл жеңіс ағылшын ұлттық құрамасы үшін ресми кездесулердегі 11-ші қатарынан жеңіске айналды. Бұл — «Үш Арыстанның» тарихындағы жаңа рекорд.

Айта кетейік, маусым айында Томас Тухельдің командасы Сенегалдан (1:3) жеңілген болатын, алайда бұл жолдастық кездесу еді.

Ағылшындар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін 100 пайыздық нәтиже көрсеткішпен аяқтады: сегіз ойында сегіз жеңіс. Сонымен қатар, Томас Тухельдің командасы бірде-бір гол жіберген жоқ, доп айырмасы — 22:0.

Айта кетсек, Англия тек екінші еуропалық құрама болып, әлем чемпионатының іріктеу циклінде барлық ойында жеңіске жетіп, қақпасына бірде-бір гол жібермеген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie