Феноменалды нәтиже. Англия 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеуін барлық матчта жеңіспен аяқтап, бірде-бір гол жіберген жоқ
Доп айырмашылығы: 22:0
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін барлық матчта жеңіске жетіп, өз қақпасынан бірде-бір доп өткізген жоқ.
K тобының шешуші кездесуінде ағылшындар Албанияны Харри Кейннің дубльінің арқасында 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Англиялықтар іріктеуді 100 пайыздық нәтижемен аяқтады: сегіз матчта сегіз жеңіс. Сонымен қатар, Томас Тухельдің командасы бірде-бір гол жібермеді, ал доп айырмашылығы 22:0 болды.
Албания топта екінші орынды иеленді. Сербия үшінші сатыда, Латвия төртінші, ал топты Андорра жапты.
2026 жылғы ӘЧ іріктеуі
Албания - Англия 0:2
Голдар: Кейн, 74, 82