locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Мартин «Ордабасының» неліктен Грузиядағы жеңісті ұстап қала алмағанын түсіндірді

«Ордабасы» бапкері алғашқы матчтың қорытындысын шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Андрей Мартин «Ордабасының» неліктен Грузиядағы жеңісті ұстап қала алмағанын түсіндірді
ФОТО: Ордабасы ФК

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин Конференциялар лигасының алғашқы матчынан кейін өз ойымен бөлісті. Шымкенттік клуб Кутаисиде жергілікті «Торпедомен» кездесіп, тартысты ойында 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Ойын барысында екі мәрте алға шыққанымен, соңғы минуттарда басымдығын сақтай алмады.

Мартиннің айтуынша, қос команда да тең жағдайда шыққан, ал шешуші рөлді матч кезіндегі ширақтық пен зейін ойнаған:

«Екі ұжым да Еурокубок жолына жаңа қадам басып жатыр. Мұндай матчтарда бәрі 50/50. Жеңіс пен жеңілісті ұсақ детальдар шешеді – бүгін сіздер соны өз көздеріңізбен көрдіңіздер».

Бапкер кездесудің сценарийі күтпеген бұрылыстарға толы болғанын да атап өтті:

«Есептің қалай құбылғанын өздеріңіз білесіздер: бірде алаң иелері алға шықты, бірде біз. Матч өте серпінді өтті, ешкім де толық үстемдік көрсете алған жоқ».

Сондай-ақ, жаттықтырушы стандартты жағдайлардың маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Ойын тағдырын стандарттар шешті: қарсылас екі голды сол сәттерден соқты, біз де бір голымызды сондай мүмкіндіктен жасадық. Бұл - өте маңызды фактор».

Енді бар үміт - 17 шілдеде Шымкентте өтетін қарымта матчта. Сол ойында қай команда келесі кезеңге өтетіні белгілі болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie