locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аморим үшін қиындықтар. Бруну Фернандеш «Астон Виллаға» қарсы ойында жарақат алды

«Қызыл шайтандар» жанкүйерлерінде қуанышқа себеп аз
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Аморим үшін қиындықтар. Бруно Фернандеш «Астон Виллаға» қарсы ойында жарақат алды
ФОТО: Getty Images

Бирмингемде «Астон Вилла» «Манчестер Юнайтедті» қабылдап жатыр, бұл — ағылшын Премьер-лигасының 17-турындағы матч.

Алғашқы тайм 1:1 есебімен аяқталды, екі команда да алғашқы 45 минуттың соңғы сәттерінде бір-біріне голмен жауап берді. Морган Роджерс есеп ашты, алайда Матеус Кунья дәл соққымен жауап қайтарды. Дегенмен, «қызыл шайтандар» жанкүйерлерінде қуанышқа себеп аз.

Үзілісте Рубен Аморим команда капитаны Бруну Фернандешті Лисандро Мартинеске ауыстырды. Португалиялық жартылай қорғаушының тобық сіңірін зақымдап алғаны күдік тудырады, бұл жарақатты ол бірінші таймда сезінген болуы мүмкін.

Айта кетейік, 58-минутта Роджерс дубль жасап, алаң иелерін екінші мәрте алға шығарды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie