Аморим «Ноттингем Форестпен» матч алдында қысымды сезінетінін мойындады
«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим АПЛ-дегі алдағы «Ноттингем Форестке» қарсы матчқа байланысты өз көзқарасымен бөлісті.
«Қазір біздің көңіл-күйіміз керемет, бірақ біз қысымды сезінеміз. Барлығы бізден көп нәрсе күтеді, бұл жақсы белгі». Ойыншылар матчқа дайын, біз де оның қаншалықты қиын болатынын түсініп отырмыз, бірақ келесі кездесуде жеңіске жететінімізге сенімдіміз», – деп келтіреді Аморимнің сөзін Фабрицио Романо.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» Аморимнің жетекшілігімен алғаш рет қатарынан үш жеңіске жеткен болатын. «Қызыл әзәзілдер» тоғыз турдан кейін Премьер-лига турнир кестесінде алтыншы орында тұр.
1 қараша, сенбі күні, Аморимнің командасы АПЛ аясында «Ноттингем Форестке» қарсы алаңға шығады.
Бұған дейін Аморим Шон Дайчтың тактикаға қатысты сындарына жауап берген еді.