locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ол айырмашылықты түсінеді»: Аморим Дайчтың тактикаға қатысты мәлімдемелеріне жауап берді

Бапкер өз стилінен айнымайды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Ол айырмашылықты түсінеді»: Аморим Дайчтың тактикаға қатысты мәлімдемелеріне жауап берді
ФОТО: Getty Images

Рубен Аморимге көп сын айтылды, өйткені португалиялық маман қолданатын 3-4-3 схемасы «Манчестер Юнайтед» ойыншыларына сәйкес келмейді деген пікірлер болды. Бұл туралы әріптес бапкерлер де атап өтті.

Ағылшын бапкері Шон Дайч 2025 жылдың мамырында Аморим 4-4-2 тактикасын қолданса, көбірек матчта жеңіске жетер еді деген пікір білдірген болатын. «Ноттингем Форест» командасымен болатын матч қарсаңында, бұл ұжымның тізгінін қолына алған Дайч туралы, «Манчестер Юнайтед» бапкерінен осы тақырыпта сұрады. Аморим былай деп жауап берді:

«Біріншіден, мүмкін біз 4-4-2 схемасымен ойнасақ, шынымен де көбірек жеңіске жетер едік. Бірақ мен әрқашан айтқанмын: менің өз стилім бар, оған уақыт керек, бірақ болашақта ол жақсы нәтиже береді. Кейін мен Дайчқа бапкер және сарапшы ретінде қарай аламын.

Егер сіз сарапшы болсаңыз және батыл ой айтпасаңыз, мен сізді тыңдағым келмейді! Мен де сондаймын. Сондықтан түсінемін — бұл мүлде бөлек жұмыс. Мен Дайчтың өте ақылды екенін, футболды қалай ойнау керегін білетінін білемін. Ол ойын талқылау мен команданы жаттықтырудың ара жігін жақсы түсінеді», - деді Аморим.

Бұған дейін клубтың жазғы трансферлік терезедегі басым бағыттары белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie