locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» қысқы трансфер нарығындағы ұстанымын ашып көрсетті

Португалиялық бапкер БАҚ-та бұрыннан айтылған ақпаратты растады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Аморим «Манчестер Юнайтедтің» қысқы трансфер нарығындағы ұстанымын ашып көрсетті
ФОТО: Getty Images

1 қаңтардан бастап Еуропаның үздік лигаларында қысқы трансфер терезесі ашылады. Біреулер бұл кезеңде сабырлы әрекет етеді, ал кейбір командаларға, мысалы «Ливерпульге», жедел шешімдер қабылдауға тура келеді. Ал «Манчестер Юнайтедтің» қысқы нарығы қандай болмақ? Бұл туралы команданың бас бапкері Рубен Аморим айтып берді.

Португалиялық маман бұған дейін БАҚ-та жарияланған ақпаратты растады: құрамдағы бос орынды «жабу» үшін асығыс әрі ойланбай жасалатын трансферлер болмайды, әрбір ауысым клубтың болашағына инвестиция болуы тиіс.

«Біз тек команда болашағының бір бөлігі бола алатын футболшыларды шақыруға тырысамыз. Бұл қадамдар жедел әрі бір нәрсені құтқару үшін немесе Африка Ұлттар кубогына кеткен үш ойыншының орнын толтыру үшін жасалмайды. Ондайға бармаймыз.

Тіпті бір ойыншыны алуға талпынсақ та, ол дәл қазір қажетті позиция болмауы мүмкін. Біз – қазір де, маусым соңында да – болашағымызға сай келетін футболшыларды алуға тырысамыз.

Сондықтан не боларын білмеймін, бірақ әлдебір өзгеріс жасауымыз да ғажап емес», – деді Аморим.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» «Борнмуттың» шабуылшысы Антуан Семеньоны қатарға қосуға басты үміткерлердің бірі екені хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie