«Алтай» ҚПЛ-дегі дебюттік маусымға дайындықты бастады
«Алтай» ҚПЛ-дегі дебюттік маусымға дайындықты жергілікті жиындардан бастап, Түркияда шетелдік дайындық кезеңін жоспарлап отыр
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: ФК Алтай
Қазақстан Премьер-лигасының жаңа ойыншысы, Өскемендік «Алтай», ел футболының элиталы дивизионында тарихи маусымына дайындықты бастап кетті.
Дайындықтың алғашқы кезеңінде команда құрамындағы жергілікті ойыншылар өз өңірінде бейімделу жиындарынан өтуде. Жаңа жылдық мерекелерден кейін «Алтайдың» толық құрамы Астанада бас қосып, бас бапкер Вахид Масудовтың жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Қаңтар айының соңында команда маусымға дайындықты жалғастыру үшін Түркияда шетелдік жиын өткізеді.
Еске салсақ, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Алтай» сенсациялық түрде Бірінші лигада үшінші орын иеленіп, қарағандылық «Шахтерді» артта қалдырып, КПЛ-ге жолдама алған болатын.