locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алияр Мұхамедке жаңа бағыт: жас талант «Қызылжарға» бет алды ма?

Солтүстік клубтың бас бапкері Милич Чурчич жас шабуылшыны өз командасында көргісі келеді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Алияр Мұхамедке жаңа бағыт: жас талант «Қызылжарға» бет алды ма?
ФОТО: aliyar.mukhamed инстаграм парақшасынан

Sports24.kz белгілі болғандай, алдағы маусымда «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Алияр Мұхамед мансабын «Қызылжарда» жалғастыруы мүмкін.

Теріскейлік клубтың бас бапкері Милич Чурчич жас ойыншының ойынын жіті бақылап, оны өз құрамына қосуға ниет білдірген.

Мұхамед соңғы екі маусым бойы көкшетаулық ұжымның сапында өнер көрсетіп келеді. 2025 жылғы маусымда ол барлық турнирларда 22 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Биыл шабуылшы алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, бір кездесуде алаңғы шықты.

Сондай-ақ Тоқтар Жаңғылышбай «Ертіске» оралады: тәжірибелі шабуылшы жаңа маусымды павлодарлық клубта бастайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie