locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ғалымжан Кенжебек Бельгиямен ойын алдындағы ойымен бөлісті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Бельгиямен ойын туралы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KFF

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгияға қарсы маңызды матч қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек командадағы көңіл-күймен бөлісті.

Футболшының айтуынша, оның алаңға шығу қарқыны мен талабы әрқашан бір – жеңіске жету:

«Футболшы ретінде мен тек «Қайратты» ғана емес, әр ойында жеңіске жеткім келеді. Біз әрдайым жеңіске ұмтыламыз және бар күшімізді саламыз. Қарсылас Бельгия болсын, «Қайрат» болсын – біз барлығын жеңуді қалаймыз», – деді Кенжебек.

Қазақстан құрамасы топтың басты фавориттерінің бірі саналатын Бельгияға қарсы кездесуге оңай жағдайда келіп отырған жоқ. Дегенмен команда ішінде сенім де, нәтиже үшін жанқиярлық та жеткілікті.

Айта кетейік, бұған дейін де Ғалымжан Кенжебек Бельгиямен матч алдындағы дайындығы жайында сөз қозғап, құрама соңына дейін жеңіс үшін күресуге әзір екенін атап өткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie