Ғалымжан Кенжебек Бельгияға қарсы ойын алдындағы көңіл-күйі туралы айтты
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Sports24.kz-ке берген сұхбатында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алтыншы турындағы Бельгияға қарсы ойынға дайындық барысын баяндады.
«Уэльспен өткен кездесуден кейін екі күн қалпына келуге берілді. Дайындық деңгейімізді алдағы ойын көрсетеді. Әрине, жанкүйерлердің қолдауы мен үшін өте маңызды, оны сезінемін. Бұл менің өсуіме серпін беретін жағымды мотивация.
Уэльспен болған матчтағы ауыстыруға келсек, бас бапкерге алғысымды білдіремін, оның шешімдеріне сенемін. Наурыздағы ойындармен салыстырғанда Қазақстан құрамасының алға жылжып келе жатқанын атап өткім келеді», – деді Ғалымжан Кенжебек.
Бес матчта «дала қасқырлары» бар болғаны үш ұпай жинады – жалғыз жеңіс Лихтенштейнге қарсы болды. 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Брюссельде Бельгияға қарсы алаңға шығады.