«Қайсардың» жаңа инвесторы клубқа қанша қаржы құятыны белгілі болды
Ізгі мақсатқа арналған қомақты қаражат
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: ФК Кайсар
30 қазан күні «Қайсар» ресми түрде жаңа иесін тапты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан белгілі болды. Клуб басшылығы Исламғали Қозбақовтың келуіне қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады.
«Қайсардың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта футбол клубын дамыту үшін нақты шаралар қолға алынбақ. Олардың нақты қандай шаралар екені әзірге белгісіз, бірақ жаңа инвестор клуб инфрақұрылымы мен академиясын дамытуға шамамен 12 млрд теңге құюды жоспарлап отырғаны анық айтылды.
Қызылордаға сапары барысында Тоқаев «Қайсардың» жекеменшік клубқа өткені жайлы ғана емес, жаңа аренаға да арнайы барып, көріп шықты.