locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайсар» үш жоғары деңгейлі қазақстандық ойыншыны қатарға қоспақ

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қайсар» үш жоғары деңгейлі қазақстандық ойыншыны қатарға қоспақ
ФОТО: fckaysar_official инстаграм парақшасынан

Қазақстандық спорт журналисі Айбек Қабылша Қызылордалық «Қайсар» футбол клубына қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті.

Оның айтуынша, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев команда Премьер-лигадан шығып қалатын болса, жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген.

Сонымен қатар, Артаев маусымның соңына дейін «қасқырлар» құрамына үш жоғары деңгейлі қазақстандық футболшы қосылатынын айтты. Бұл трансферлердің басты мақсаты - клубты жоғарғы лигада сақтап қалу ғана емес, келесі маусымда жүлделі орындар үшін күресуге дайын болу.

Айта кету керек, бұған дейін «Қайсар» жанкүйерлері команда нәтижесіне көңілі толмай, облыс басшылығымен ашық кездесу өткізуді талап еткен болатын. Осыған байланысты Бахтияр Артаев жанкүйерлермен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдап, жағдайды жақсартуға қатысты бірқатар уәде берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie