locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бақтияр Артаев: «Қайсар» дұрыс жолда – жанкүйерлерден қолдау сұраймыз

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бақтияр Артаев: «Қайсар» дұрыс жолда – жанкүйерлерден қолдау  сұраймыз
ФОТО: Getty Images

«Қайсар» командасы 1:2 есебімен қарсыласқа жол берген ойынынан кейін, облыс басшылығы мен клуб өкілдері жанкүйерлермен кездесіп, қазіргі жағдай мен болашақ жоспарлар туралы пікір алмасты.

Кызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев нәтиже қалай болғанына қарамастан, команда лайықты ойын көрсеткенін атап өтіп, ойын деңгейін жақсарту бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Жанкүйерлерден сабыр мен қолдау сұраймыз. Біз көздеген мақсатымызға жетеміз деп сенеміз. Барлығы реттеледі, бізге тек сәл уақыт қажет. Сонымен қатар, жуырда Қазақстан Президенті заң қабылдап, еліміздегі футбол клубтарының бюджеті 1,2 миллиард теңгемен шектелетін болды», – деді Артаев клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 12-орында тұр және 4 ұпай жинаған. Келесі ойын 18 мамырда «Тұран» командасына қарсы өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie