locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайсар негізгі қорғаушысымен келісімшартты ұзартты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қайсар негізгі қорғаушысымен келісімшартты ұзартты
ФОТО: IG Адилет

“Қайсар” 29 жастағы қазақ қорғаушысы Әділет Кеңесбекпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

Кеңесбек – тараздық футбол мектебінің түлегі. Ол мансабы барысында бірнеше қазақстандық клубтың намысын қорғады. 2023 жылдан бастап “Қайсар” сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде 44 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

2024 жылғы Премьер-лигада “Қайсар” турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтады.

2025 жылғы ҚПЛ маусымы 1-2 наурыз күндері басталады. “Қайсар” жаңа маусымда нәтижесін жақсартуды көздеп отыр. Осы мақсатта клуб құрамын күшейтіп, негізгі ойыншыларды сақтап қалуға тырысуда. Әділет Кеңесбек те команданың қорғанысындағы маңызды фигуралардың бірі болып қала береді.

РЕСМИ. Айбол Әбікен Қайсардың футболшысы атанды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie