РЕСМИ. Айбол Әбікен Қайсардың футболшысы атанды
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
РЕСМИ. Айбол Әбікен Қайсардың футболшысы атанды
28 жастағы жартылай қорғаушы Айбол Әбікен "Қайсар" футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Айбол мансабын Алматының "Қайратында" бастап, кейін "Ақсу" мен шымкенттік "Ордабасы" командаларында өнер көрсетті.
Ұлттық құрама сапында 16 матч өткізіп, Албания қақпасына шедевр гол соқты.
«Жаңа ойыншымыз жасыл алаңда 8 нөмірлі жейдемен ойнайды. Қош келдің, Айбол!» - деп қосты Қайсардың баспасөз қызметі.
Өткен маусымды "Қайсар" 34 ұпаймен Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде сегізінші орында аяқтады.