locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайратты» жеңген бапкер әлемнің үздігі атағына ұсынылды

Микель Артета France Football сыйлығының қысқа тізіміне енді
«Қайратты» жеңген бапкер әлемнің үздігі атағына ұсынылды
ФОТО: Getty Images

France Football басылымы 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша үздік бапкер атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тізімге лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета да енді. Ол өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі сегізінші тур матчында «Қайратты» 3:2 есебімен жеңген болатын. Нәтижесінде оның командасы финалда ПСЖ-дан жеңіліп қалды, алайда Англия чемпионы атанды. Қазіргі маусымды да «канонирлер» қатарынан үш жеңіспен бастады.

Үміткерлер қатарында Испания құрамасымен жақында әлем чемпионы атанған Луис де ла Фуэнте, ПСЖ сапында Чемпиондар лигасын екі рет жеңген Луис Энрике, сондай-ақ «Астон Вилла» мен «Баварияның» бас бапкерлері Унаи Эмери және Венсан Компани бар.

8 қыркүйекте түрлі жүлделерге үміткерлерден бөлек, «Алтын доп» үшін таласатын 30 футболшының тізімі де жарияланады. Әлем футболындағы ең беделді жүлденің иегері 26 қазанда Лондонда белгілі болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie