«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Тесак командаға қолдау білдірді
2016 жылы «Қайрат» сапында ойнаған және Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған словак футболшысы Лукаш Тесак BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында «Олимпиямен» болған алғашқы ойынды бағалап, бұрынғы командасына қолдау білдірді.
«Барлық жаңалықтан хабарым бар, командаға үнемі қарап жүрем. Бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталғанын білемін. Өкінішке қарай, «Қайрат» гол соққаннан кейін қарсылас тез есепті теңестірді.
Бірақ жалпы алғанда, сырт алаңдағы тең нәтиже — жаман емес. Енді бәрі Алматыда шешіледі. Ең бастысы — команда келесі кезеңге өтсе екен деп тілеймін! Және, әрине, трибунада жанкүйер көп болады деп сенемін», — деді Тесак.
«Қайраттағы уақытым тек жақсы естеліктермен қалды. Барша жанкүйерге сәлем жолдап, сәттілік тілеймін!» — деді Лукаш.
Айта кетейік, Тесак 2016 жылы алматылық команда сапында 21 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Қазіргі таңда ол Словакияның «Сокол» клубында ойнайды.
«Жеңіс» ойыншысы «Қайраттың» ЧЛ-дың келесі кезеңіне өту мүмкіндігі жоғары деп есептейді