«Жеңіс» ойыншысы «Қайраттың» ЧЛ-дың келесі кезеңіне өту мүмкіндігі жоғары деп есептейді
Елордалық «Жеңіс» клубының қорғаушысы Матия Ром BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы ойыннан алған әсерімен бөлісіп, Алматыдағы жауапты матчқа болжам жасады.
«Иә, бірінші ойынды тамашаладым. Менің ойымша, «Қайрат» Люблянада өзіне қажет нәтижеге қол жеткізді — бұл өз алаңындағы жауапты матч алдында жақсы көрсеткіш.
Алматыда «Олимпияның» алғашқы ойындағыдай допты көп бақылауын күтпеймін. «Қайрат» өз алаңында басым ойнайды деп ойлаймын. Бірінші матч 1:1 есебімен аяқталғанын ескерсек, келесі кезеңге өту мүмкіндігі «Қайратта» көбірек», — деді Ром.
Еске сала кетейік: алғашқы матч Люблянада 1:1 есебімен аяқталды. 59-минутта Дастан Сәтпаев «Қайратты» алға шығарды, алайда арада жеті минут өткен соң Диогу Пинту дәл соққысымен есепті теңестірді.
«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы жауапты кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді.
«Қайрат» – шағын фаворит. Маркович алматылықтардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін бағалады.