«Қайрат» пен «Астана» әлемдік рейтингте төмендеді
Дегенмен, әйгілі лигалардың командаларымен қатар тұр
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Кайрат
Қазақстан Премьер-лигасының маусымы аяқталғанына қарамастан, оның үздік клубтары – «Қайрат» пен «Астана» әлемдік рейтингте қайта бағалауға ұшырап жатыр. Әзірге айтарлықтай прогресс байқалмайды.
Маусым аяқталғаннан кейін бірден Қазақстан чемпионы Opta Power Ranking рейтингінде 427-орында тұрған еді, оның ұпайы – 74.4. Рейтингте ұпайы 0.5-ке артса да, «Қайрат» 455-орынға төмендеп кетті. Қазір ол роттердамдық «Спарта» мен бухарестік «Динамоның» ортасында орналасқан.

«Астана» өз нәтижесін 0.7 ұпайға арттырып, қазіргі көрсеткіші 73.7-ге жетті. Дегенмен, маусым соңында КФЛ-дағы 542-орнын сақтай алмады, жеті саты төмен сырғыды. Елордалық команданың рейтингтегі көршілері – швейцариялық «Цюрих» пен түріктің «Кочалиеспоры».
