locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Танымал платформа әлемдік клубтар рейтингін жаңартты. «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» қай орында?

Еурокубоктарда кімге теңесу керек?
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Танымал платформа әлемдік клубтар рейтингін жаңартты. «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» қай орында?
ФОТО: Кайрат

2025 жылғы Премьер-лига маусымы аяқталып, чемпионаттың жүлдегерлері анықталды. Енді үздік үштіктің күшін қай командалармен салыстыруға болатынын толық бағалауға мүмкіндік бар.

Танымал статистикалық платформа Opta Opta Power Ranking әлемдік рейтингін жаңартты, оған қазақстандық клубтар да енді.

Бұл рейтингте ең жоғары орында тұрған — «Қайрат». 74.4 ұпаймен алматылықтар 427-орынға жайғасты. Қуаты бойынша оларды Конференциялар лигасының қатысушысы — армениялық «Ноахпен» салыстыруға болады.

Төменірек, 73.0 ұпаймен 542-орында — «Астана». Қазақстанның вице-чемпионы күш-қуаты жағынан словакиялық «Жилина» немесе Испания Сегундасында өнер көрсететін «Малагамен» шамалас.

Тағы төменде, 712-орында қола жүлдегер — «Тобыл» орналасқан. Қостанайлық клуб Албания чемпионы «Эгнатиямен» немесе Австралиядағы «Мельбурн Ситимен» деңгейлес.

Бұған дейін Еуропада Қазақстанның УЕФА коэффиценттер кестесінде қай орында болатыны жөнінде болжамдар жасалған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie