Қайрат Нұрдәулетов мансабын қайда жалғастыруы мүмкін екені белгілі болды
Қарағандылық «Шахтер» маманға қызығушылық танытып отыр
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ҚФФ
Қарағандылық «Шахтер» командасының басшылығы Қайрат Нұрдәулетовті команда тізгінінде көргісі келеді, деп хабарлайды «Бомбардир» Telegram арнасы.
Дереккөздің айтуынша, клуб қазақстандық маманмен хабарласып үлгерген. Бұған дейін Нұрдәулетов Бірінші лигадағы «кеншілердің» басты қарсыластарының бірі – павлодарлық «Ертісті» жаттықтырған болатын.
Бапкер бұл қызметтен 9 мамырда кеткен. Оның басшылығымен павлодарлық клуб бес кездесу өткізіп, төрт рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен болатын.
Бірінші лиганың тоғыз турынан кейін «Шахтер» 20 ұпаймен кестеде екінші орында, ал «Ертіс» 18 ұпаймен төртінші орында келеді.