«Қайрат» ЧЛ тарихындағы алғашқы ұпайын қалай еншіледі?
21 қазан күні Алматыдағы «Орталық» стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-туры аясында өткен «Қайрат» пен Кипрдің «Пафосы» арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды – 0:0.
Алматылықтар допты 69% уақыт бойы бақылауда ұстап, қарсыластың қақпасына 22 соққы бағыттады, алайда ешбірі голға айналған жоқ. Ойынның 3-минутында «Пафос» бір ойыншысынан айырылды - Жоау Корреа Луиш Матаға дөрекі ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алды. Соған қарамастан, кипрліктер табандылық танытып, қорғаныста сенімді ойнады.
Матч статистикасы
Күтілетін голдар (xG): 1.54 - 1.85
Допты иелену: 69% - 31%
Соққылар: 22 - 9
Нысанаға тиген соққылар: 2 - 6
Бұрыштама соққылары: 6 - 4
Сары қағаздар: 3 - 1
Қызыл қағаздар: 0 - 1
Айта кету керек, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ұпай еншіледі.