locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ахмат» Самородовсыз «Локомотивке» екі минутта екі рет гол жіберіп, Кубоктан шығып қалды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Ахмат» Самуродовсыз «Локомотивке» екі минутта екі рет гол жіберіп, Кубоктан шығып қалды
ФОТО: ФК Ахмат

15 сәуірде Ресей Кубогының ширек финалдық ойыны өтті, онда мәскеулік «Локомотив» өз алаңында грозныйлық «Ахматты» қабылдады.

Ойын қонақтардың жылдам голымен басталды. 8-минутта «Ахматтың» парагвайлық шабуылшысы есеп ашты. Бірақ бірінші тайм «теміржолшылардың» басымдығымен өтті. Олар 44-ші және 45-ші минуттарда гол соғып, екі минуттың ішінде алға шықты. Екінші таймда есеп өзгермей, грозныйлықтар турнирдегі ойынын аяқтады.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов кубок матчында қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады. Бұған дейін ол «Ростовқа» қарсы ойында (2:1) жеңіс голын соғып, клуб рекордын қайталауға септігін тигізген болатын.

Ресей Кубогы. ¼ финал. 15 сәуір

«Локомотив» – «Ахмат» – 2:1

Голдар: Воробьев, 44, Погостнов, 45 - Руис Диас, 8.

ФОТО: ФК Ахмат
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie