Адиевтің клубы 2025/26 РПЛ-ға қатысуға лицензия ала алмады
Ресей футбол одағының комиссиясы бірнеше клубқа 2025/26 жылғы Ресей Премьер-лигасына қатысу лицензиясынан бас тартты.
Командалар тізімінде Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиевтің клубы – «Химки» де болды. Мәскеу облысының клубынан басқа, «Черноморец» пен «СКА-Хабаровск» клубтарына да лицензия берілмеді. Енді «Химки» келесі маусымда чемпионатқа қатыса алмайды.
Әдиевтің өзі клубтағы болашағы туралы нақты жауабы жоқ екенін айтты.
«Клуб басшылығымен чемпионатты аяқтаймыз деп келістік, содан кейін ғана алдағы жоспарларды талқылаймыз. Сабырлы болу керек, жағдай үш-төрт күннен кейін белгілі болады», - деп келтіреді клубтың баспасөз қызметі маманның сөзін.
Бұған дейін Магомед Адиев қазақстандық вингер Максим Самодовтың «Ахматтағы» жетістіктерін жоғары бағалаған болатын.