Абат Айымбетов Уэльске қарсы ойынынға не мақсат қойғанын айтты
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасының орталық шабуылшысы Абат Айымбетов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс құрамасына қарсы ойын алдындағы мақсаты туралы айтты.
Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Айымбетов Ұлыбританиядағы жетістігін қайталап, гол соғуды қалайтынын айтты.
Еске салайық, 2023 жылдың жазында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Белфасттағы сырт алаңда Солтүстік Ирландия қақпасына 88-минутта жеңіс голын соққан болатын.
- Сондай-ақ оқыңыз: "Біз қандай жағдай болса да өз ойынымызды ойнауымыз керек". Уэльс бапкері Қазақстанмен ойын алдында пікір білдірді
Наурыздың 22-нен 23-іне қараған түні Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен сырт алаңда ойын өткізеді. Матч “Кардифф Сити” стадионында Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады.