51 жыл күткен жеңіс. Нидерландылық жанкүйерлердің қуанышы
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Нидерландылық "Фейеноорд" клубы араға 51 жыл салып Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Роттердамдықтар кеше түнде, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өз алаңында "Миланнан" 1:0 есебімен басым түскен еді. Матчтағы жалғыз голды 3-минутта Пайшао соққан еді.
Осылайша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде 1974 жылдан бері бірінші рет жеңіске жетті.
Осыған дейін, яғни 51 жыл бұрын 18 қыркүйекте "Колрейнді" жеңген (7:0) екен.
Айта кетейік, "Фейеноорд" пен "Милан" арасындағы қарымта матч 18 ақпан күні Милан қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.
“Реалдың” жас жұлдызы даудың ортасында қалып, сот алдында жауап береді