locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Реалдың жас жұлдызы даудың ортасында қалып, сот алдында жауап береді

Реалдың жас жұлдызы даудың ортасында қалып, сот алдында жауап береді
ФОТО: Getty images

Мадридтік “Реал” қорғаушысы Рауль Асенсио заңсыз материалдарды тарату ісі бойынша сот алдында жауап береді. Мадрид клубының ойыншыларына қатысты күдік туралы алғаш рет 2023 жылдың қыркүйегінде хабарланған. Сол кезде “Кастилья” футболшысы мен “Реал С” командасының үш ойыншысы кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тарату ісіне байланысты тергеуге іліккені белгілі болды. Бұл іс бойынша сот отырысы Канар аралдарында өтеді.

The Sun мәліметінше, 21 жастағы Асенсио бұл материалдарды жасаған жоқ, бірақ оларға қол жеткізіп, үшінші тұлғаларға таратқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, футболшылар зардап шеккендерді жаңылыстырып, материалдардың жойылғанын айтқаны мәлімделуде.

Асенсио өзін сот процесіне қатыстырмау туралы өтініш білдірген, алайда сот бұл өтінішті қабылдамады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, мадридтік қорғаушы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде “Манчестер Ситиге” қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығып, кездесудің толық 90 минутын өткізді.

Мадридтік Реал Еуропа королі мәртебесін тағы да дәлелдеп, жаңа рекорд орнатты

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie