locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

27 жасында ашылды. Дембеле осы маусымда соңғы 5 маусымда соққан голдар санымен теңесті

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
27 жасында ашылды. Дембеле осы маусымда соңғы 5 маусымда соққан голдар санымен теңесті
ФОТО: Getty Images

Франция ұлттық құрамасының және “ПСЖ” вингері Усман Дембеле осы маусымда керемет гол статистикасын көрсетуде.

Бүгін “Реннге” (4:1) қарсы ойында қосымша уақытта дубль жасап, маусымдағы 28 гол көрсеткішіне жетті. Бір қызығы, ол “ПСЖ" мен “Барселона” сапында алдыңғы 5 маусымда дәл осынша гол соққан. Айта кету керек, оның ең жақсы кезеңі жыл басына келді. 2025 жылдың басынан бері ол 20 гол соғып үлгерді, тіпті жылдың басында соққан голдар бойынша Лионель Мессидің рекордын жаңартты

“ПСЖ-ның” келесі матчы “Энфилдте” өтеді – Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта ойынын “Ливерпульге” қарсы өткізеді. Еске салайық, бірінші ойын мерсисайдтықтардың минималды жеңісімен аяқталған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie