locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

17 жасар «Қайрат» сұрмергені тағы жарқырады: Дастан сұрмергендер жарысында екінші орынға көтерілді

«Қайраттың» жас форварды ҚПЛ сұрмергендер тізімінде үздік екілікке енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
17 жасар «Қайрат» сұрмергені тағы жарқырады: Дастан сұрмергендер жарысында екінші орынға көтерілді
ФОТО: Қайрат ФК

Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының 24-турынан кейінге шегерілген ойында «Қайрат» алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. Кездесудің 10-минутында алматылықтардың жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев пенальтиді суыпқандықпен орындап, есепті ашты.

Бұл гол 17 жастағы жас таланттың биылғы біріншіліктегі 12-ші добы болып тіркелді. Осылайша Дастан маусымның үздік мергендері тізімінде екінші орынға көтерілді. Қазір ол тек «Астананың» албаниялық сұрмергені Назми Грипшиден ғана қалып тұр. Оның еншісінде – 15 гол.

Қазақстан Премьер-лигасы. 24-турдан кейінге қалған матч
«Қайрат» – «Жетісу» – 1:0. Ойын жалғасуда. Матчқа тікелей көрсетілім.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie