locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

16 жасар талант Дастан Сәтпаев Қайратпен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиынға аттанды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
16 жасар талант Дастан Сәтпаев Қайратпен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиынға аттанды
ФОТО: ФК Қайрат

16 жастағы алматылық “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев қазақстандық клубпен бірге Түркияның Анталия қаласындағы оқу жиынға аттанды. Қазақстан чемпиондарының баспасөз қызметі шабуылшының суретін жариялады. Келіп түскен ақпараттарға сүйенсек, ол жақын арада “Челси” ойыншысы атануы мүмкін. Түркиядағы жиындар 15 ақпанға дейін жалғасады.

Шабуылшы маусымның көп бөлігін QJ League жасөспірімдер чемпионатында және Бірінші лигада “Қайрат-Жастар” сапында өткізді. Мамыр айында, 15 жасында, Сәтпаев “Қайраттың” негізгі құрамында дебют жасап, лига кубогындағы “Ақжайықпен” өткен матчта (9:0) он минут ойын көрсетті.

Қазақстан U17 құрамасы сапында Сәтпаев он матч өткізіп, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

ФОТО: ФК Қайрат

Англиялық БАҚ қазақстандық шабуылшының таңданыс білдірді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie