locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

14 күнде 5 ойын. Барселонаның халықаралық үзілістен кейінгі қиын кестесі

14 күнде 5 ойын. Барселонаның халықаралық үзілістен кейінгі қиын кестесі
ФОТО: Getty Images

“Барселона” маусымның осы кезеңінде мінсіз формада болды және халықаралық үзіліске жеңіліссіз шықты. Каталондықтар Испания чемпионатында артық бір ойынмен көш бастап келеді, ал Чемпиондар лигасында португалиялық “Бенфиканы” жеңіп, ширек финалға сенімді түрде шықты.

Бірақ халықаралық үзілістен кейін бәрі өзгеруі мүмкін – команда 14 күнде 5 матч өткізеді. Біріншіден, “Осасунамен” кейінге қалдырылған ойын 27 наурызға, ал “Жиронаға” қарсы каталондық дерби 30 наурызға жоспарланған. Сәуір айының бірінші ойыны 2-де өтеді - “Барселона” Испания кубогының жартылай финалындағы қарымта ойынды “Атлетикоға” қарсы өткізеді. 3 күннен кейін “блаугранас” өз алаңында қарқын алған “Бетисті” қабылдайды. Ал Чемпиондар лигасының ширек финалында Фликтің командасы 9 сәуірде дортмундтық “Боруссиясымен” ойнайды.

“Барселонаны” маусымның маңызды сәтінде қиын сынақ күтіп тұр. Трофейлерді ұтып алу үшін команда тығыз уақытта өте көп ойын минуттарын өткізуі керек.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie