locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлының оралғаннан кейін кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Дензел Бентли WBO-ның уақытша белбеуін жеңіп алып, қазақстандық боксшының міндетті қарсыласына айналды
Жәнібек Әлімханұлының оралғаннан кейін кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
ФОТО: Getty images

5 сәуірге қараған түні WBO-ның уақытша чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды.

Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, WBO нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.

Осылайша, дәл Бентли Жәнібек Әлімханұлы үшін міндетті үміткер мәртебесіне ие болды.

Ұйым регламентіне сәйкес, дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 2 желтоқсанда аяқталғаннан кейін қазақстандық чемпион британдық боксшымен міндетті түрде кездесуі тиіс. Кері жағдайда Жәнібек чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл боксшылар бұған дейін де кездескен. 2022 жылы Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімімен Дензел Бентлиден басым түскен болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie