locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа ауысуға және чемпионмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа ауысуға және чемпионмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
ФОТО: Getty images

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 168 фунтқа дейінгі супер орта салмаққа көтерілуге және чемпионмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, мұндай жекпе-жекке шығуға көпшілігі құлықсыз.

“Мен салмағымды168 фунтқа дейін көтеріліп, дәл қазір чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ ол менімен төбелескісі келмейді! Маған қарсы шығуға дайын чемпиондар бар ма?” – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.

Бұл салмақта абсолютті чемпион Сауль “Канело” Альварес өнер көрсетеді. Жақында ол Лондонда Турки Аль аш-Шейхпен кездесіп, Теренс Кроуфордпен жекпе-жек мүмкіндігін талқылады. Бұл айқас қыркүйек айында Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі мүмкін. Осы жағдайды ескерсек, Канело мен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жектің өту ықтималдығы төмен. Себебі Канело үшін тәжірибелі Кроуфордпен кездесу қаржылық тұрғыдан тиімдірек әрі қауіпсіздеу.

Жәнібек соңғы рет қазан айында Сиднейде (Аустралия) рингке шығып, Андрей Михайловичпен айқасты. Тоғызыншы раундта “Қазақ стилі” жаңа зеландиялық қарсыласын нокаутқа жіберіп, оның жеңіліссіз рекордын тоқтатты.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта барлық белбеуді біріктіруге ниетті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie