locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта барлық белбеуді біріктіруге ниетті

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта барлық белбеуді біріктіруге ниетті
ФОТО: Getty images

WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) жақын арада өз дивизионында барлық белбеуді біріктіретінін мәлімдеді.

“Жақында, иншаАлла, барлық төрт белбеуді жеңіп аламын. Жақында, өте жақында”, — деп жазды боксшы Х әлеуметтік желісінде.

Қазіргі уақытта орта салмақтағы WBC чемпионы – доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 KO), ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 KO) тиесілі.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Аустралияның Сидней қаласында өткізіп, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичті (21-1, 13 KO) жеңді.

Бұған дейін қазақстандық чемпионның келесі жекпе-жегін өз елінде өткізуі мүмкін екені айтылған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie