Жәнібек Әлімханұлы араб инвесторына өтініш айтты: \"Маған Канелоны бер\"
Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокстағы ірі инвестор, Riyadh Season бокс шоуын ұйымдастырып жүрген Турки әл аш-Шейхке өтініш жасады.
Отандық былғары қолғап шебері екінші орта салмақтағы үш негізгі белбеудің иегері мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұраған.
"“Канелоның» қарсыласы кім екенін білмеймін, бірақ менің екі титулым бар. Ол менімен жұдырықтасудан неге қашып жүр?
Турки, маған “Канелоны” бер, сол кезде нағыз бокстың қандай болатынын көріп таңғаласың”, - деп жазды “Қазақ стилі” өзінің Х-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Сауль Альварес шаршы алаңға 3 мамыр күні Әл аш-Шейхтің Эр-Риядта өтетін шоуында оралады. Ол міндетті үміткер кубалық Вильям Скуллмен кездеседі. Ал Жәнібек 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады.
Сондай-ақ оқыңыз: Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі келемеждеді: "Сен чемпиондық белбеуді тек уақытша ұстап тұрсың"