locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы — Адамеспен жекпе-жек жайлы: «Бұл жекпе-жек не жақында өтеді, не мүлде болмайды»

Қазақстандық чемпион WBC белбеуінің иесімен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Жәнібек Әлімханұлы — Адамеспен жекпе-жек жайлы: «Бұл жекпе-жек не жақында өтеді, не мүлде болмайды»
ФОТО: Ж. Әлімханұлы әлеуметтік желілері

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) X әлеуметтік желісінде Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты тың ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, келіссөздер жүріп жатыр, енді тек қарсылас шешім қабылдауы керек.

«Мен Карлоспен жекпе-жек өткізгім келеді — мұны бәрі біледі. Мен менеджеріммен байланыстым, ол келіссөздердің жүріп жатқанын айтты. Жанкүйерлер асыға күткен күн алыс емес сияқты. Егер Карлос қорықпай, қашып кетпесе, бұл жекпе-жек жақын арада өтеді!
Не жақында өтеді, не мүлде болмайды! Бұл жекпе-жек толығымен қарсыластың батылдығына байланысты. Ол белбеудің артына тығылып жүрген тағы бір қорқақ емес деп үміттенемін», — деді Жәнібек.

Айта кетейік, Жәнібек WBO және IBF тұжырымдарының, ал Адамес WBC белбеуінің иесі. Бұл жекпе-жек орта салмақтағы абсолютті чемпионды анықтауы мүмкін.

Нидерландтағы сенсация: Махмұд Сабырхан жарысты алғашқы жекпе-жекте аяқтады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie