Нидерландтағы сенсация: Махмұд Сабырхан жарысты алғашқы жекпе-жекте аяқтады
Қазақ боксшысы украиналық қарсыласынан күтпеген жеңіліс тапты
ФОТО: Basnews.kz
Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде күтпеген жағдай орын алды. 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстанның әлем чемпионы (2023) және Азия чемпионы (2024) Махмұд Сабырхан жарысты алғашқы кездесуінен кейін аяқтады. Ол жастар арасындағы Еуропа чемпионы, украиналық Максим Зуменкодан төрешілердің бөлінген шешімімен жеңілді.
Алтын медальдың басты үміткері саналатын Сабырхан үшін бұл нәтиже – күтпеген сәтсіздік. Дегенмен, қарсыласы мықты дайындықпен келгенін көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде 60 келі салмақта Ерхан Турдан да украиналық боксшыдан жеңіліп қалған болатын.